Спорт

“Құлагер” ХК “Астана” құрамасын ойсырата жеңді

Екінші периодта “Құлагер” тағы үш шайба салды. 22-ші минутта Денис Стасюк есепті еселесе, 28-ші және 33-ші минуттарда Алексей Грищенко мен Константин Чеботаев көзге түсті. Кезең аяғындағы есеп 4:0. Жергілікті жігіттер алда. Үшінші кезеңде Александр Незнамов ерекшеленді. Ал астаналықтар қақапашы Андрей Янковтың осал тұсын таба алмады. Кездесу қорытындысы бойынша есеп 5:0. Құлагерліктердің пайдасына.

Келесі күн, екінші кездесу. Үшінші жеңістен кейін жергілікті құрама сенімді ойын көрсетуі тиіс секілді еді. Алайда бірінші кезең шайбасыз өтті, ал қонақтардың қарқыны басым болды. Десе де екінші периодта есепті қызылжарлық құрама бомбардирі Денис Стасюк ашты. Алайда қуаныш көпке созылмады. Араға тек 4 минут салып астаналық шабуылшы Егор Рахматуллин таразы басын теңестірді. Келесі периодтарда құлагерлік жігіттерден ерінбегендердің бәрі шайба енгізді. Екінші кезеңде Константин Чеботаев есепті 2:1 етті.

Үшінші кезеңнің соңғы 8 минутында Егоров, Луговской және Коптяевтар ерекшеленді. Қорытынды есеп 5:1. Бұл жолы араға 1 ай салып айдынға команда көшбасшысы Ильгиз Нуриев шықты. Еске салсақ, маусымашар ойында капитан ауыр жарақат алып, екі қабырғасын сындырып алған болатын.

Ильгиз Нуриев – “Құлагер” ХК капитаны:

– Жарақатымнан толықтай айықтым. Ғұмырымының саналы бөлігін хоккейге арнағандықтан, бұл 1 ай мен үшін 1 жылға тең болды. Енді құрама үшін айдында жақсы ойын өрнегін көрсетуге әзірмін. Бүгінгі қарсылас осал емес. Ойыншылар жзас, сондықтан физикалық жағдайлары жақсы. Алайда екі күнде 10 шайба соғып, 1 ғана өткізіп алдық. Нәтиже жақсы.

Бұл кездесуден кейін ел біріншілігінің турнирлік кестесінде “Құлагер” 26 ұпаймен көш бастап тұр. Келесі кездесулер сериясы алдағы сәрсенбі және бейсенбі күндері өтпек. Қызылжарлық “Құлагер” Өскеменнің “Алтай Торпедо” хоккейшілерін қабылдамақ

 

Саят Ермек