Балалар

Атақты велошабандоз Алексей Луценко Полудино балалар үйіне барды

Алексей Луценко – “Аstana Pro Team” велосипед командасының мүшесі:

– Балалардың жүздері жайдарлы. Олармен кездесіп, әңгімелескеніме қуаныштымын.

Алексей Луценко жеткіншектерге өзі туралы айтты. Велосипед спортына кішкентайынан машықтанған. Петропавлдағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі бүгінде беделді «Астана про тим» велосипед командасында жаттығады. Полудино балалар үйінің әкімшілігі мұндай кездесулердің жастар үшін тәрбиелік мәні зор дейді. Аталмыш мекемеде 4-11 жас аралығындағы 29 бала тәрбиеленеді.

Асылтас Әлжанова – Полудино балалар үйі директорының орынбасары:

– Қайырымдылық шарасымен айналысатын адамдар көп болса нұр үстіне нұр болар еді. Алексей Луценко интернатқа алғаш келіп отыр. Оған ұжым атынан үлкен алғыс айтамын.

Алексей Луценконың өңірдегі сапары мұнымен аяқталмайды. Ол алдағы уақытта туған ауылы Соколовкаға соқпақшы. Онда да балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға базарлық тарту етпекші.

Берік Қасен