МТРА жаңалықтары

ҚР жеке заңгерлер институтын дамытуға екпін берілмек

Осы орайда, алдағы уақытта адвокат тапшылығы мәселесін шешу жоспарда бар. Ол үшін әділет министрлігі заң жобасын әзірлепті. Жоба аясында мамандарды іріктеу жүйесі қатаңдатылады.

Руслан Кактай – СҚО әділет департаментінің басшысы:

– Үміткерлер жоғары білімді, адвокаттар алқасында кемі жарты немесе бір жыл тағылымдамадан өткен болуы тиіс. Кандидаттар аттестациядан өтіп, адвокаттар алқасына мүшелікке енед.

Оған қоса адвокаттардың жұмыс жүктемесі тым көп. Мамандардың көмегіне жүгінушілердің қатары жылдан жылға артып келеді дейді спикерлер. Осыған байланысты, елімізде жеке заңгерлер институтын дамытуға екпін берілмек.

Павел Афанасьев – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ заң кафедрасының аға оқытушысы, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты:


– Барлығы заң аясында реттеліп отырады. Жеке заңгерлер де адвокаттар сияқты сынақтан өтеді, мемлекетке салық төлейді, қаржылық кіріс, шығыстары операцияларын ашық жариялап тұрады. Осылайша, олардың халық аладындағы жауапкершілігін арттыру көзделген.

Аталмыш заң жобасын әділет министрлігі әзірлеген. Қазіргі таңда заңгерлер оны қызу талқылауда. Ол заңгерлердің жұмысын жетілдіріп, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

Берік Қасен