Қоғам

Қазанның 2-ші жексенбісі – мүмкіндігі шектеулі жандар күні

Осы сынды жандарға демеу көрсету мақсатында облысымызда 5-ші жыл қатарынан “Әлеуметтік жобалар” байқауы ұйымдастырылып келеді. Үздік жобалар республикалық кезеңге жолдама алады. Биыл бұл сайыста – жылжымалы монша жасап шығарған 32 жастағы петропавлдық Уәлихан Ыбраев жеңіске жетті.

Уәлихан Ыбраев:


–  Бұл жылжымалы монша бір жыл жұмыс істеп келеді. Оны жасау үшін 1 жылдан астам уақыт пен 1 млн теңге қаражатым кетті. Бұл нысанның ішінде 4 адам жуына алады. Жұмасына шамамен 20-шақты жанға барып, қала бойынша қызмет көрсетіп тұрамыз. Жуырда, Астана қаласында өткен байқауға қатыстым. Мұнда тұғырлы орыннан көрінбесемде, менің жобамды елеп, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Фестиваль аясында сахна төріне – “Sensіtive” балдық би ансамблі шықты. Өнер ұжымы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларынан құралған.

Бұл ұл-қыздар ансамблі өңір сахнасында ғана емес, ел және шет ел аумағында өтіп жүрген байқауларда өнер көрсетеді. Бұл топқа бидің қыр-сырын Ольга Ростовщикова 11 жыл бойы баулып жүр.

Ольга Ростовщикова – “Sensіtive” балдық би ансамблінің көркемдік жетекшісі:

 

– Әуелі есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасау қиын болатын. Бірақ, мен олардың ымдарын ақрын-ақрын үйреніп кеттім. Ұл-қыздардың денсаулығында кішігірім ақау болғанымен, олар өте дарынды.

Айта кетсек, шара аясында мүмкіндігі шектеулі балалар бейнелеген суреттер мен түрлі қол өнер туындылары көрмеге қойылды. Сондай-ақ, денсаулығында ақауы бар жандар жиналғандар алдында өз өнерлерін паш етті.

Тогжан Акмагамбетова