Спорт

Петропавлда бокстан облыстық жарыс жалауын желбіретті

Дегенмен, уақыт өте келе қызыл жейде киген Шамиль оңтайлы әдістерді тамаша қолданып, қарсыласын біраз әбігерге салды. Осылайша, ол 3 раундқа созылған кездесуде жеңіске жетті. Айта кетсек, бозбаланың бокскқа бет бұрғанына небәрі 1 жыл ғана болыпты. Ол бұған дейін тек муайтаймен шұғылданған. Тіпті, Тайландта өткен халықаралық жарыстың ақтық сынына дейін жеткен.

Шамиль Ермағамбетов – жарысқа қатысушы:


– Қарсыласым өте мықты екен. Бірінші раундта кішкене соққылар алғаныммен, қалған кездесуде жинақталып, жеңіске жеттім. Бүгінгі бәйгеде жеңіс тұғырынан көрінемін деген сенімдемін.

Жалпы бүгінгі дүбірлі додада өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 70-тен астам ұл бала бақтарын сынауда.

Азамат Жақиянов – жарыстың бас төрешісі:


–  Аталмыш чемпионатта 2002-2003 жылы дүниеге келген балалар 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Мұнда 44-тен 80 келіге дейінгі салмақтағы жасөспірмдер жиналған.

Айта кетсек, байрақты бәсекеде озып шыққан былғары қолғап шеберлері қараша айында Павлодар қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алып, онда өңір намысын қорғайды.

 

Тогжан Акмагамбетова