Көлік және жолдар

Есіл өзені бойынан өтетін көпір халық игілігіне тапсырылды

Алайда, жөндеуге жабылғандықтан, теріскейліктер қала сыртына 20 ықшам аудандағы дамба арқылы қатынап жүрді. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына байланысты 2-ші және 6-шы автобустар да бағыттарын өзгерткен болатын. Соңғысы Ойқала ауданына жетпей бұрылып кететін. Ал, енді тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Кеше ғана бұл көпір халық игілігіне тапсырылып, қозғалыс қайта жанданды.

–   Шыдадық. Енді қуаныштымыз. Жақсы істепті көпірді.

– Көпірдің жөндеу жұмыстарына жабылуы үлкен қолайсыздық туғызды. Екі ай бойы Заречный кентімен қатынау үшін жаяу баруға тура келетін.

Жөндеу жұмыстары аясында асфальттың 600 метрі толығымен ауыстырылыпты. Алайда, қазіргі уақытта шаруаның тек 90 пайызы тәмамдалған. Үстіміздегі айдың соңына дейін көпірдің төменгі жағындағы жөндеу де аяқталады.

Қайырбай Сәдуақасов – “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Негізгі жұмыстар тамыз айының 4-і басталды. Жоспар бойынша жөндеу 3 ай көлемінде жүргізілуі керек еді. Алайда, мердігерлер шаруаны 2 ай ішінде біржақты етті. Жол толығымен жаңартылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 125 млн. тенге көлемінде қаражат бөлінген.

Ал, қаланың орталығын Жұмысшы кентімен байланыстыратын мына көпірде жұмыс әлі қызу жүргізілуде. Темір жолдың үстімен өтетін бұл нысан осы жылдың маусымында жабылған болатын.

–  Пестрое көлі маңындағы мына көпірдің ашылуын өңір тұрғындарына әлі аздап күту қажет. Ауа райына байланысты мердігерлер бір жолықтың қолданысқа берілу мерзімін осы айдың соңына дейін шегеріпті.

Жоба жоспарына сәйкес, жол 2018 жылдың қарашасында тапсырылуы қажет. Алайда, мердігерлер нысанды мерзімінен бұрын жөндеп аяқтаймыз деп отыр. Жалпы, жоба құны 1 млрд 258 млн тенгені құрайды.

 

Эльмира Сәдуақасова