Қоғам

Зираттағы гүлдестелер қолды болуда

Егер бұл факті расталса онда оңай ақша таппақ болған пысықай, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. Жалпы зираттарда гүлдестелердің қолды болып жатқандығы туралы тұрғындар жаз басталғалы шағымданып келген.

Алмаз Маямиров – Петропавл қалалық 2-ші полиция бөлімінің тергеушісі:

 


–  Жедел іздестіру шаралары барысында күзет қызметімен бірігіп жұмыс жасадық. Сөйтіп, ВАЗ-2109 маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында оның ішінен бірнеше гүлдестелерді анықтадық. Айғақ заттардың барлығы тәркіленді. Сондықтан осындай жағдайға кезікен тұрғындарға Петропавл қалалық 2-ші полиция бөліміне келіп не, 61-28-02 телефонына хабарласуға кеңес береміз.

Мағжан Ахмадина