МТРА жаңалықтары

“Қонақжай Петропавл” байқауына өтініш қабылдануда

Алена Третякова, “Праздичный город” агенттігінің төрайымы:


– Қыркүйектің ортасынан қатысушыларды тіркей бастадық. Олардан өтініштерді қабылдау 15 қазанда тоқтатылады. Қарашаның 15-не дейін біздің сайтымызда, әлеуметтік желіде қатысушыларға дауыс беріледі. Осылайша жеңімпазды халық анықтайды.

Биыл “Қонақжай Петропавл” байқауында аздаған өзгерістер бар. Былтыр сайыс 16 аталым бойынша өтсе, биыл оның қатары толығыпты. “Үздік банкет мейрамханасы”, “жазғы дәмхана”, “Үздік балалар дамыту орталығы” сынды жаңа аталымдар қосылған. Ал, ең танымал номинация – “Үздік тамақ жеткізіп беру ұйымы” екен. Осындай жолмен ғана қаладағы ең жылдам, ең сапалы қызмет көрсету орталығын анықтауға болады дейді, ұйымдастырушылар.

Қанат Шамсутдинов, СҚО туризм және кәсіпкерлік басқармасының бас маманы:

– 2018 жылы облыс орталығында “Өңірдегі бизнестің дамуы” форумы өтеді. Дәл осы шара үшін “Қонақжай Петропавл” байқауының берері мол. Мәселен жобада үздік деп танылған ұйымдар осы форумға келген қонақтарды қабылдап, қызмет көрсетпек. Петропавлдың 260 жылдан артық тарихы бар. Қанақжай қала. Меймандарға осыны көрсете білуіміз керек.

“Қонақжай Петропавл” байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы 17 қарашада өтеді.

Акбопе Танирберген