Қоғам

“Киелі Қазақстан” І-республикалық экспедияциясы өңірімізге келді

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімі аппаратының жетекшісі:


– Елбасы “Болашақққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту үрдісі арқылы ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ұлттық сананы жаңғырту ұзақ процесс әрі жауапты және салиқалы жұмысты талап етеді. Қазіргі таңда жұмыс тобы 19 киелі нысанды белгіледі. Төртеуі республикалық картаға енді: Абылай хан резиденциясы, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Қожаберген жыраудың бейіті және Ботай қонысы.

Картаға енетін нысандар республикалық және жергілікті деңгейдегі болып екіге бөлінеді. Киелі нысандардың нақты тізімін осы экспедиция мүшелері бекітпек.

Батырхан Жұмабаев – “Қасиетті Қазақстан” ғылыми-зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары:

– Киелі карта табиғи ландшафты, археологиялық, архитекуралық, діни ғибадат ету орындары, тарихи тұлғалардың ескерткіштері мен мазарлары деп 6 бағытқа бөлінді. Республика бойынша барлығы 160-тан астам киелі жер белгіленді.

“Ботай” қонысында жылқы малы алғаш қолға үйретілген. Адамзат үшін маңызы зор мекенді зерттеуге Виктор Зайбет саналы ғұмырын сарп еткен. Биыл ол 70 жасқа толды. Мерейтой иесін туылған күнімен өңір басышысының атынан Мадияр Қожахмет құтттықтап, иығына шапан жапты.

Виктор Зайберт отандастарын ортақ істің төңірегіне бірігуге шақырды. Алдағы уақытта Қазақстанның киелі жерлері жайлы энциклопедия шығарылады. Аталмыш еңбек қазақ және орыс тілінде 2 мың дана тиражбен таралады. Сонымен бірге Киелі жерлер жайлы виртуалды карта әзірленеді. Онда нысандарға баратын жолдардың бағыт-бағдары көрсетілмек.

Ұлы дала еліндегі киелі жерлерді отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де танып білуі тиіс. Осы мақсатпен Францияда “Рухани жаңғыру” бағдарламасының тұсаукесері өтпекші. Экспедиция мүшелері жұмыс сапарымен өңірімізде үш күнге тұрақтайды. Олар Петропавл, Айыртау, Есіл және Тайынша аудандарындағы тарихи, мәдени нысандарда болады.

Берік Қасен