Денсаулық сақтау

Қарттарды қолдау айлығы аясында емханаларда зейнеткерлерді кезектен тыс өткізуде

Лариса Дёмина – Петропавл қаласының тұрғыны:


– Осындай акциялардың өтіп тұрғаны жақсы. Тексеріс тегін екен. Дәрігерлер жылы сөйлеп, жақсы қарсы алды. Аз ғана уақыттың ішінде бірнеше маманның консультациясын алып үлгердім. Скринигтен өтпегеніме көп болды.

Өкінішке қарай, облысымызда көбінесе 60 жастан асқандар онкологиялық ауруларға шалдығуда. Дәрігерлер ісік неғұрлым ерте сатысында анықталса, соғұрлым оны емдеу жеңіл болады дейді.

Олег Дудяк – Облыстық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары:


– Басқа емханалардан дәрігерлердің жолдамасымен келген науқастар тексерістерден тегін өтеді. Жыл сайын 1800 адам онкологиялық ауруларға шалдығады. Өкпе обыры, сүт безі, тері рагі және асқазан ісігімен ауыратындар көп.

Қарттарды қолдау айлығы аясында “Тегін тексерістен өт” акциясы осы айдың соңына дейін жалғасады.

Берік Қасен