Білім

Өңір педагогтары жұп болып сынға түсті

Ал Эльмира Мыңбаева сол оқу ошағында химия мен биология пәндерінен сабақ береді. Екеуін ұстаздықтан басқа, ортақ тұстары жоқ. Ал бүгін жас маман мен тәжірбиелі оқытушыны байқау біріктіріп отыр.

Эльмира Мыңбаева – Пески орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі, Ғ.Мүсірепов ауданы:

 

– Талай жұмыстар жасадым. Еңбегім лайықты бағаланады. Сондықтан сол тәжірбиеммен жастармен бөлісіп тұрамын. Оларға пайдалы болады.

Гүлмира Дәулетова – Пески орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Ғ.Мүсірепов ауданы:


–  Біздің мектепте тәжірбиелі ұстаздар көп. Біздер олардан дәрістер алып тұрамыз. Кеңестерін береді. Бүгінгі байқауда да солардан үйренгенімді барынша көрсетіп бағамын.

Өңіріміздің өзге ұстаздары да тәжірбиелерімен бөлісіп жатыр. Жалпы облыстық байқауға 37 жұп қатысуда. Биыл өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар саны 2 есеге артық. Талапкерлер мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, гуманитарлық пен жаратылыстану-математика бағыттары бойынша 4 категорияға бөлінген.

Гүлмайда Мүсетаева – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО ПҚ БАИ» жетекші маманы:

– Сәуір айының 15-нен мамыр айының 15-не дейін бізде сырттай кезеңі өтті. Онда 42 педагогикалық дуэт қатысқан болатын. Онда 36 жұп қатысты. Олар өздерін таныстырса, екіншісінде өздерінің шеберлік сыныптарын көрсетеді. Қорғау жүргізеді. Тәлімгерлікті дамыту, жаңғырту.

Бұл орталықта өткізіліп отырған осымен 4-ші байқау. Жеңімпаздар димпол, сертификаттармен марапатталды.

Мағжан Ахмадина