Қоғам

М.Жұмабаев ауданының мәдени күндері аясында гала концерт өтті

Сазсырнай, үскірік, тастауық және қобыз сияқты ұлттық аспаптар Құралай ауылындағы Қызыл Қазақстан орталау мектебінің технология пәнінің мұғалімі Қанат Исековтың қолынан шыққан. Шебер саз балшық, ағаш бұтақтары мен темір сынды материалдарды қажеттілікке жаратып, бар білгенін оқушыларына үйретеді.

Қанат Исеков – Қызыл Қазақстан орталау мектебінің технология пәнінің мұғалімі, М.Жұмабаев ауданы:

– Негізінде, жұмыс болғанда жүрекке не келдеі соны жасаймыз. Темірден, ағаштан, қисайған бұтақтың өзі адамға бір түртпе болады. Соны әрмен қарай жалғастырып, кесу, жоңу, шабу арқылы жасаймыз. Балардың қалай ынталандырсаң олар сүйсініп жасайды. Бізде сабақ болады. Қосымша шеберхана бар. Материал дегеніміз біздің аяқ астында.

Медвежка ауылында орналасқан оқу ошағының ұжымы да қазақ ұлттық өнеріне бет бұрыпты. Ұстаздар тәлімгерлеріне қойдың жүнін түтіп, иіріп, түрлі түсті текеметтер жасау, жіптен жылы шұлық тоқуды үйретеді екен. Бұдан біз аудан жұртшылығының осы істен мақұрым еместігіне көз жеткізудеміз дейді олар. Көрмеден соң, аудандық өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен гала концерт ұйымдастырды.

Салтанат Әріпхан – М.Жұмабаев аудандық әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

 

– Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бүгін біздің ауданның мәдениет күндері өтіп жатыр. Оған 100 адам мен әкелінді және 14 этно-мәдени орталықтары қатысуда. Біздің ауданымыздан негізі Мағжан Жұмабаев шыққан. Өте белгілі ақын. Мағжанды білмейтін адам жоқ. Оны орыс ақындарымен, Пушкин салыстырады, Есенинге келбеті келеді дейді. Сондықтан осындай киелі жерден дарынды, талантты адамдар туады деген ойдамын.

“Мағжан елі ән салады” аталған концерттік бағдарлама аясында күміс күмей әншілер мен мың бұралған бишілер ән мен биден шашу шашты.

Тоғжан Ақмағамбетова