Спорт

Теріскейлік спортшылар ізбасарларымен кездесті

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернат ұжымы халықаралық додаларда ел туын желбіреткен чемпиондарын осылай қарсы алды. Спортшыларды жеңісімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин құттықтады.

Руслан Есеналин, СҚО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Мұндай кездесулердің кәсіби спортқа жаңадан қадам басып жатқан өскелең ұрпақ үшін берері мол. Олар жерлес чемпиондардың есімдерін білуі тиіс. Солтүстікқазақстанда елімізді бүкіләлемдік және халықаралық додаларда танытып жүрген спортшылар аз емес. Солардың бірі,сіздер, мына залда отырған жеткіншектер үшін үлгісіздер.

Кейін басқарма басшысы үш саңлаққа және бапкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.

Данияр Қаленов және Алексей Луценко – спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының түлектері. Кәсіби спорттағы мансаптарын осы білім ошағынан бастаған кешегі юниорлар, бүгінгі чемпиондар құр қол келмепті. Ізбасарларына сый-сыяпаттар мен спорттық жабдықтар сыйлады.

Данияр Қаленов, грек-рим күресінен V Азия ойындарының чемпионы, халықаралық “Болат Тұрлыханов Кубогы” турнирінің жеңімпазы:


–  Өте қиын болды. Әлем чемпионымен күрестім. Интернатта 7 жыл оқыдым. қазір мұнда барлық жағадайлар жасалған.

Шара мектеп-интернат оқуышлары дайындаған концертпен жалғасты

Еске салайық, жуырда Түркменстан астанасы Ашхабадта өткен жабық кешендегі V Азия ойындарында жерлестеріміз Данияр Қаленов грек-рим күресі бойынша алтыннан алқа тағынса, Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден үздік үштікті тұйықтаған болатын. Ал теріскейлік Алексей Луценко “Вуэлта Испания” жарысының 5-ші турында көмбеге бірінші келсе, “Алматы туры -2017” сайысында алдына жан салмады.

 

Саят Ермек