Денсаулық сақтау

Петропавлда “Сенің денсаулығың өз қолыңда” атты акция өтті

Алғашқылардың бірі болып мұндағы мамандарға 73 жастағы Людмила Горохова жүгінді. Зейнеткер алдымен қан құрамындағы қанттың мөлшерін тексертуде. Қорытынды бірден белгілі болды. Нәзік жандының глюкозасы литрына 5,8 моль шамасында екен.

Людмила Горохова – зейнеткер:


–  Қазір емханаларда ұзын-соңар кезек. Дәрігерлерге қаралу үшін ерте бару керексің. Ал мына жерде оп-оңай қандағы қанттың мөлшерін білдім. Маман глюкоза қалыпты деңгейде деді.

Бұдан бөлек, №1 қалалық емхананың дәрігері тұрғындардың қан қысымында өлшеуде. Қорытындыны бірден айтады.

– Денсаулық зор байлық екендігін білеміз. Сол себепті менде осындай тамаша мүмкіндікті пайдаланып өзімнің қан қысымымды өлшетуге бел байладым. Қалай болады екен? Оны қазір көреміз. Менің қан қысымым 120-да 80-ді көрсетті. Бұл қалыпты норма дейді дәрігерлер.

Біраздан соң ақ халатты абзал жандардың маңы халыққа толды. Тіпті, дәрігерлерге қаралу үшін тұрғындар кезекке тұрды. Мұндағы жерлестеріміздің арасында егде жастағы жандардың қатары басым. Зейнеткерлер акцияның өздері үшін тиімді екендігін айтады.

–  Сауда жасауға келгенбіз. Дәрігерлердің қызмет көрсетіп жатқандығын көрдім. Оларға қаралып, қандағы қантың мөлшерін тексертіп алдым.


–  Жаңа қан қысымын өлшеттім. Мамандар жоғары деді. Енді, өзім тіркеуде тұрған ауруханаға барып, дәрігерге қараламын.

Сондай-ақ, шара барысында қала тұрғындары салмақтарын да өлшеді. Бұдан өзге мамандар жерлестерімізге түрлі аурулардың алдын алу ережесі жазылған жаднама қағаздар таратты.

Айнаш Сағындықова – СҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекші маманы

– Мұндай акцияларды халық көп жүретін орындарда өткіземіз. Тамыз-қыркүйек айлары аралығында 142 акция ұйымдастырылды.

Жалпы, “Семейный” гипермаркетінде “Сенің денсаулығың өз қолыңда” акциясы таңертеңнен түскі дейін өтті. Осы уақыт аралығында дәрігерлерге 230-ден аса жерлесіміз қаралыпты. Ертең, дәл осындай шара облысымыздың аудандарында ұйымдастырылмақ.

Култанов Байболат