Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс орталығында астықты вагондармен тасымалдау жөнінде жұмыс кеңесі өтті

Өткен жылы элеватор қожайындары компания вагондарын 10-20 күннен артық күтіп қалыпты. Биыл ондай жағдай қайталанбауы тиіс. Оған қоса жерлестеріміздің вагондардың техникалық жағдайына көңілдері толмайтын болып шықты.

Бахтияр Шайкенов – “Икеа-Тас групп” ЖШС директоры, Аққайың ауданы:


– Біздің компания Ауғанстан және Өзбекстан мемлекеттеріне ұн экспорттайды. Тапсырыс берген вагондарды көп күтеміз. Оған қоса оның іші кір және жөнделмеген болады. Кейін шетелдік клиенттер бізге шағымданады.

Жерлестеріміздің бұйымтайын Қазақстан темір жолы компаниясының өкілі тыңдап, кемшін кеткен тұстарды түзетуге уәде берді. Сәрсенбек Жапаров кездесуде айтылған барлық олқылықты ескереміз деді.

Сәрсенбек Жапаров – “ҚТЖ-жүк тасымалы”АҚ атқарушы директоры:


– Вагондар жөнделеді. Ішін жуамыз. Бұдан былай шағымдар болмайды деген үміттемін.

Оған қоса өңір элеваторларынан шыққан вагондар орта жолда тұрып қалады екен. Барлық жұмысты кеден қызметі мен фитосантиралар және кейбір мемлекеттік органдар тежеп тұр. Аграрийлер рұқсат қағаздарын демалыс күндер де беруді сұрап отыр.

Сәрсенбек Жапаров – “ҚТЖ-жүк тасымалы” АҚ атқарушы директоры:

– Заң бойынша барлық өңірлерге бірдей тарифтер енгізілген. Айыппұлдарды ешкі артығымен алып жатқан жоқ.

Астықты ысырап етіп алмас үшін, оны межелі жеріне мерзімінде жеткізу қажет. Осы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Айдарбек Сапаров – СҚО облысы әкімінің бірінші орынбасары:

– Облыс әкімінің атынан бейінді министрілкке хат жолдайық. Бұл іске “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы да атсалысуы қажет. Өңір элекваторларында вагондар тұрып қалмасын, соны қадағалаңыздар. Экспортқа бағытталған астықты жылдам өткізу үшін демалыс күндерін де барынша пайдаланып қалу керек. Бәріңізді жұмыла жұмыс істеуге шақырамын.

Жұмысты оңтайландыру мақсатында алдағы уақытта Қазақстан темір жолы компаниясы жүк вагондар мен станцияларда маневер жасайтын поездардың санын көбейтпекші.

Берік Қасен