Мәдениет

М.Жұмабаев ауданының мәдени күндері өтуде

Әкімшілік бөліністің тарихы мен естеліктері мына сарғайған суреттер мен ескі құжаттарда басулы. Оның барлығы аудандық архив ұйымдастырған көрмеде тізулі тұр. Мұнда аудандық атқару комитеті басшыларының қызметі жайлы дерек көп.

Владимир Виц, М.Жұмабаев ауданы архивінің директоры:


– Бүгінгі күні бізде 204 қор сақталған. Ол – 73 мың құжат. Архив 25 жыл жұмыс істеп тұр. Ең алғаш сақтауға аудандағы ұйым, мекеме, кәсiпорындар мен тұрғындарының еңбектегi жайлы билiктiң атқарушы, өкiлеттi органдарының материалдары келiп түстi. Азаматтар қолда сақталған құнды деректерін әлі күнге дейін әкеліп тапсырып жатады.

Өткенді тайға таңба басқандай айшықтап тұрған ескі құжаттың бірі – Булаев аудандық атқару комитетінің отырысында толтырылған №29-шы хаттаманың көшірмесі. Бұл құжатқа мөр басылғанан кейін жалшылар мен кедейлерді табанымен жаншып отырған кулактарды Александровка селосына қоныстандыру туралы қаулы шықты. Осыдан соң 1931 жылы селолық кеңес бірден таратылған болатын.

Татьяна Макарова, Мағжан Жұмабаев ауданы архивінің қызметкері:

– Бұл шамамен 1000 адам болатын. Осынша кулак Алексанровкаға көшіп келгесін ол жерге ешқандай адам кірмеуі, шықпауы керек болды. Барлығы құжаттарда жазулы тұр. Олардың отбасылары жайлы дерктер, суреттері бар. Сол жылдары аудан аумағында кулактарға қарсы көтеріліс болды. Мұндай оқиға еліміздің барлық жерінде өтті ғой. Нәтижесінде аудан орталығындағы саябақта бауырластар зираты қалды. Ол жерге 17 адам көмілген екен.

Ал, мына сөре майдангерлерге арналған. ҰОС-на М.Жұмабаев ауданынан 8 мың адам аттанған. Жартысынан артығы үйіне оралмады.

Петропавлдықтардың назарына архив қызметкерлері ауданның қазіргісі жайлы арнайы фильмді ұсынды. С.Мұқанов атындағы кітапханада аудан кітапханашылары көрме өткізіп жатса, кешке қала тұрғындары өнерпаздарының үлкен гала-концертін тамашаламақ.

Акбопе Танирберген