Әр түрлі

СҚО қазан айының орташа температурасы – 5 градус болады

Ағаштар да жапырақтарын тастап, аяздың боларын сездірітіп тұрғандай. Ал жерлестеріміздің біразы жеңіл жүр. Халық арасына шығып, сұхбат алдық. Басым көпшілігі шкафтардан жылы киімдері мен мойын орағыштарын алуға әлі ерте дейді.

– Қазан айында күн жылынады деп ойлаймын.


–  Қазан айында күт суық болады. Жылы киініп жүруге кеңес беремін.

“Қазгидромет” мамандарының мәліметіне сүйенсек, бірінші онкүндіктің басында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Түнде де, күндіз де сынап бағанасы 5 градус нөлден төмен болады. Кей жерлерде ауа температурасы 8 градусқа дейін жылынуы мүмкін. Бірінші және екінші онкүндіктің ортасында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Әсемгүл Айтуарова – “Қазгидромет” ШЖҚ РМК СҚО бойынша филиалының метеоболжау бөлімінің инженер-синоптигі:

– Екінші онкүндіктің басында күндіз сынап бағанасы 9-14, түнде -7 градус аяз болады. Дымқыл қар жауады. Сәйкесінше, көк тайғақ болады. Екінші онкүндіктің соңында ауа 8-13 градусқа дейін жылынуы ықтимал.

Үшінші онкүндікте жылы күндер сақталады дейді синоптиктер. Ай бойы жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады.

Берік Қасен