Мәдениет

Петропавлға концерттік бағдарламамен “Дегдар” гуманитарлық қоры келді

САЯТ ЕРМЕК, тілші:


– Бүгінге дейін бұл ауқымды жоба еліміздің 40-тан астам қаласын аралап, 60-қа жуық концерт қойған. Енді кезек Солтүстік Қазақстанда. Теріскейлік өнер сүйер қауымның сынына әртістер жаңа бағдарлама әкеліпті. Жергілікті көрермен оны алғашқы болып тамашаламақ. Айта кетейін, бұл концерттік бағдарлама елордалық «Астана Опера» театрында тек 7 қазан қойылмақ.

Кезекті концертін музыканттар Петр Ильич Чайковскийдің шығармашылығана арнапты. Сахнада скрипка, виолончель және рояль. “Құрмет” орденінің ковалері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев бастаған трио ұлы композитордың туындыларын орындауда.

ТИМУР УРМАНЧЕЕВ, жобаның көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:


– Бұл шараны қарапайым азаматтардың классикалық музыкаға деген қызығушылығын арттыру үшін міне 7-ші жыл қатарымен ұйымдастырып келміз. Бұл біздің осы мақсатта шағын болса да қосып жатқан үлесіміз. Еліміз мәдениет пен өнердің дамуына жіті назар аударып жатыр. Әлемдік деңгейдегі театрлар, концерттік залдар бар. Олар босамауы тиіс. Сондықтан бүгінгі шараға кіру тегін.

Кейін сахнаға елордалық филармонияның солисті,күміс көмей әнші Азамат Жылтыркөзов шығып, қызылжарлық көрерменге Чайковскийдің “Благославляю вас леса”, “Средь шумного бала” секілді танымал романстарын орындады.

Ең қызығы, зор дауысты баритон шеберіне бұл туындылардың бәрін көпшіліктің құлағы мен жүрегіне жеткізу үшін микрофон қажет болмады.

АЗАМАТ ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:


– Петропавлға екінші рет келуім. Жергілікті көрермендердің талғамы жоғары. Залда бос орын жоқ. Қарттар көп.

Қайырымылық концертіне зейнеткерлер, ардагерлер, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар және қалалық білім ошақтарының студенттері және оқушылары жиналды. Залда бос орын болмады. Елордалық өнерпаздардың орындауындағы классикалық туындыларды тыңдау үшін өңір аудандарынан ат терлетіп келген жерлестеріміздің де қатары қалың болды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Қызылжарға апарар жолда музыканттар Аққайың ауданындағы Смирнов қарттар үйіне де ат басын бұрыпты. Олар қарияларды мерекелерімен құттықтап, базарлық ретінде шағын концерт қойған.

 

Саят Ермек