Қоғам

Петропавлдағы нысандар қашан толығымен жылуға қосылады

– Мамам мен тоңып қалмауым үшін жылы киіндіреді. Ол сыныпта суық екенін біледі. Сондықтан жылы көрпеше тігіп берді. Үйіміз де суық.

– Жылы шұлық пен қалың шалбар киемін. Мектепте тоңып қалсам үйге қарай жүгіремін. Үйткені мамам пеш жағып қояды.

Білім ордасының басшылығы балалардың астына көрпе салдық, қалың киініп келуіне рұқсат бердік, бірақ, білім ордасы суық деп сабақты тоқтатқан жоқпыз дейді.

Светлана Отарқұлова, №19 бастауыш мектебі директорының міндетін атқарушы:

– Маусым айында жуып шаю жұмыстары барлығы жүргізілген. 02:41 Бүгін соңғы күн, кейін қосамыз деп айтқан. Соны күтудеміз. Балалар тоңып отырған жоқ. Тоққа пештерді тығып қойдық, қоңырауда жаттығу жасатамыз.

Қара суықтан қалжырағандарға баспанасы да пана болмай отырғандар бар. +8 градустық ауа райы 10 күн тұрақтаса үйлерге жылу берілу керектігін әр солтүстікқазақстандық жақсы біледі. Соңғы ақпарат бойынша облыс орталығында 580 көпқабатты тұрғын үйге жылу берілген. Ал, олардың қаладағы жалпы саны 1061. Тағы 500 үйдің тұрығыны неге жылу берілмей жатқанын білмей дал болды. Оның себебі шаһардағы жылу магистральдерін қайта қалыпқа келтіру жұмыстарының аяқталмай жатқандығында болып отыр.

Игорь Рыбас, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС бас директоры:


– Тарифтік сметада жоспарланған түпкілікті жөндеуді 600 метрге асырып орындадық. Қазір қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтап қалдық. Өкінішке орай жөндеуге қажетті қаржы жаздың ортасында бөлінді. Ал сараптамадан өткен жоба 7 ай жүргізіледі деп есептелген. Оны жартысына қысқарттық. Бірінші магистральдегі жұмыстарды бітіреміз. 5-ші магистральді бүгін іске қосамыз. Бұл ретте бірқатар тұрғын үйлерге жылу бүгін беріледі.

“Петропавл жылу жүйелері” бас директорының сөзінен тоңған тұрғындарға тағы біраз шыдай тұру керектігін ұқтық. Қысқа әзірлігі жөнінде төлқұжатын алмаған, жылу есептегіш құрылғысын орнатпаған үйлер ең соңғы болып жылытылатынын да айтып қалды. Сөзіне сенсек, өңірде қауырт науқан 25-ші қыркүйек күні яғни дәл уақытында басталды. Ал, еліміздегі шағын ғана шаһарлардардың қатарын толықтырып тұрған Перопавлды жылумен толық қамту үшін тағы 10 күн керек екен.

Акбопе Танирберген