Қоғам

Петропавлда 43 мыңнан аса зейнеткер тұрады

Кейінгі ұрпақтың қамын ойлап еңбектенді. Сондықтанда мұндағы қарияларға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Мерекелік кеште қарттарды 1-қазан төл мейрамдарымен облыс басшысының атынан қала әкімі Марат Тасмағанбетов құттықтады.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

–  Қарттарға құрмет көрсету біздің басты парызымыз. Өйткені, бұл жандардан үлгі алдық. Ақылын тыңдап өстік.

Мерекелік кешке 75 жастағы Айтбике Исқақова есімді жерлесіміз келіпті. Нәзік жанды ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған. Алдымен аудан, кейін облыс орталығындағы шәкіртерді білім нәрімен сусындатқан. Ақ жаулықты ана 6 бала тәрбиелеп өсіріпті. Бүгінгі күні “Күміс алқа” иегері ұл-қыздарынан 8 немере 10-нан аса шөбере сүйіп отыр. Қария жастардың өзі сияқты жандарды назардан тыс қалдырмай құрмет көрсеткендіктеріне дән разы.

Айтбике Исқақова – зейнеткер:

– Мерекемізге орай концерт ұйымдастырып жатыр. Бұған өте қуаныштымын.

Айта кетейік, қазіргі таңда Петропавлда 43 мыңнан аса зейнеткер тұрады. Қаламызда ҰОС қатысқан жандардың қатары азаюда. Осы күні шаһарымызда Отан үшін отқа түскен 83 ардагер қалыпты. Бұдан өзге 4400 тыл еңбеккерінің көзі тірі. Мерекелік кеш соңы концертке ұласты. Шарада жергілікті өнер ұжымдары ән-жырдан шашу шашты.

Байболат  Култанов