Қоғам

Петропавл қаласында жарамсыз тұрмыстық техникаларды қабылдай бастады

Бес жыл бұрын істен шыққан мына газ плита Марина Хоробрыхтың үйінде шаң басып жай жатқан. Нәзік жанды техниканы жөндетемін деп лақтырмай жүріпті. Бүгін жарамсыз газ плита үшін ол 2 500 теңге және теледидарға тағы сондай көлемдегі қаржыны қалтасына басты.

Марина Хоробрых – қала тұрғыны

– Қаламызда электроникалық заттарды қабылдай бастағандары жақсы болды. Қоқысқа лақтырсам 5 мың теңге жай кетеді. Үйге азық-түлік сатып аламын. Балаларыма кәмпит. мен ескі теледидарын алып келіп, тапсырды. 5 жыл жай жаты.

Станислав Корнев жарамсыз құрылғыларды қабылдайтын пунктке ескі тоңазытқышын жеткізген. Мұнда көнерген техниканың әр келісі үшін тұрғындар 5 теңгеден алады.

Станислав Корнев- қала тұрғыны:


– Істен шыққан, пайдалануға жарамсыз тоңазытқышты 19-шы мөлтек ауданнан әкелдім. Үш жыл бойы жертөледе тұрды. Акция туралы теледидардан естідім. Керексіз электрониканы далаға лақтырмай, осында әкелген дұрыс. Қазір бәрін қайта өңдеуге болады. Экологияны таза ұстау барша адамзаттың міндеті. Петропавл – жасыл қала. Әдемі шаһарымызды осы қалпында келешек ұрпаққа табыстау керекпіз.

Қабылдау пунктерінде жиналған тұрмыстық техникалар кейін қоймаға жеткізіледі.
“Вторсырье” компаниясының жұмысшылары әрбір бұйымды бөлшектеп, пластикті, шыны мен платаларды ажыратып алды. Кейін бөлшектерді тығыздағыш құрылғыға салды.

Адамдарға керексіз болып қалған бұл заттар қатты қалдықтар полигонына тасталмайды. Қайта өңделіп, кәдеге жаратылатын болады.

Қайыржан Айсин – “Вторсырье” ЖШС директоры:


– Тұрмыстық техникаларды өзіміз үйге келіп алып кете аламыз. Ол үшін қосымша ақы талап етпейміз. Қазақстанда пластиктерді қайта өңдейтін зауыт жоқ. Сондықтан оны Ресейге жөнелтеміз. Металлдар жергілікті металл базаларына тапсырылады. Микросұлбалар мен платаларды, тоңазытқыштағы атмосфераға қауіпті фреон сұйықтығын Алматыдағы кәсіпорындарға тапсырамыз.

Петропавл қаласында жарамсыз тұрмыстық техникаларды қабылдау науқаны қазанның 1-інен басталыпты. “Тазалыққа іс әрекетің арқылы үлес қос” акциясы аясында зейнеткерлерге осы айдың аяғына дейін тұрмыстық техникалардың әр келісіне 10 теңгеден беріледі. Ал өзге санаттағы азаматтар жарамсыз бұйымдарды келісіне 5 теңгеден тапсыра алады.

Берік Қасен