Қоғам

Өткен аптада екі бірдей теріскейлік азамат балық аулаймын деп қаза тапқан

Анатолий Питов- балықшы:


–  Тек жағалауда ғана тұрып балық аулаймын. Әлі қайық үстіне шығып көрген жоқпын. Аздап қорқынышты ғой.

Бұндай рейдтерді теріскейлік құтқарушылар күнделікті жүргізеді екен. Олар балықшылармен сөйлесіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.

Еділ Зикрин – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы:


– Өткен аптада екі жерлесіміз балық аулаймын деп қаза тапты. Олардың біреуінің мәйіті әлі де табылған жоқ. Сондықтан, осындай оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін күнделікті рейдтерді өткізіп тұрамыз.

Балық аулау кезіндегі оқыс оқиғалардың басым бөлігі қайық үстінде орын алып жатады. Кенеттен қозғалып қалғанда, су көлігі аударылып кетуі әдбен мүмкін.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:


– Балық аулауды кәсібі мен нәсібіне айналдырған жандарды күннің суықтығы да тоқтатпайды. Олар қыстың қақаған аязында да, жаздың шыжыған ыстығында да өзен-көлдерге келіп, өздерінің сүйікті істерімен айналысады. Алайда, барлығы бірдей тиісті қауіпсіздік ережелерін ұстанбайды екен.

Жалпы, жыл басынан өңірдегі өзен-көлдерде 21 адам көз жұмған. Олардың 3-уі балалар. Тағы 9 адамның қаза табу себептері белгісіз.

Эльмира Сәдуақасова