Аптадағы маңызды жаңалықтар

Еліміздің зейнетақы жүйесі реформалануда

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Жүйеде болатын реформаның маңызы зор. Өйткені, ол барлығына қатысты. Бұл халықты орын алатын әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге дайындауға септеседі. Әлемнің көптеген елдерінде солай. Жаңа реформалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Осы ретте бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз.

Бүгіндері еліміз бойынша зейнетақы шоттарында 7,4 трлн қаржы жатыр. «Жас күніңде маңдай теріңмен тапқан ақшаң қартайғанда бейқам өмір сүруге жеткілікті болсын десең, онда қорға үнемі қаржы аудару қажет», дейді қордың басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева. Өйткені, алдағы уақытта аталмыш жүйеде бірқатар өзгерістер орын алмақ.

Нұрбүбі Наурызбаева – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрайымы:

–  Келе-келе 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмағандар еңбек өтілі бойынша берілетін зейнетақыны ала алмайды. Олар тек төменгі төленетін зейнетақыны ғана ала алатын болады. Біздің қорда жинаған ақшаны ғана алып отырады. Біздің жүйеден зейнетақыны жыл сайын бір рет алуға болатын. Жылдық сомасын. Не болмаса тосқан сайын алуға болатын. Бірақ келесі жылдың бірінші қаңтарына бастап енгізілген өзгеріс бойынша тек ай сайын алуға болады. ЕНПФ-тен алатын пенсияны.

Облыста 570 мыңға жуық адам тұрса, соның 319 мыңға жуығы экономикалық белсенді тұрғындар. Өлкеміз бойынша жалпы 332 мыңдай шот ашылған. Оның өзінде тек 200 мыңнан астамына ғана қаржы ай сайын аударылып отырады екен. Олардағы жинақтардың сомасы – 190,4 млрд теңгені құрайды. Бұл республикалық көрсеткіштің тек 3 пайызын ғана. Бір шоттағы орташа зейнетақы жинақтарының сомасы бойынша да теріскей көштен қалып келеді. Елімізде ол 776 мың теңге болса, облысымыз бойынша небәрі 578 мың теңгенің маңайында. Сондықтан жағдайды түзету қажет. Бұл шаруа қазір қолға алынып, өңірде жалақы мөлшерін көтеру мақсатында жұмыстар жасалуда. Кездесу соңында екі жақ өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Жалпы қор өкілдері зейнетақы жинақтау жүйесінде келер жылдан орын алатын өзгерістерден солтүстікқазақстандықтарды құлағдар етуге келген.

Мағжан Ахмадина