Мәдениет

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры 19-шы маусымды бастамақ

Тағы, теріскейлік қауымға тарихи “Дауылпаз баба – Қожаберген” қойылымы да көрсетілді. Осы туындымен қазанның 4-і күні жаңа маусымның шымылдығы қайта ашылмақ. Биыл мәдениет ошағында әлем ақын-жазушыларының еңбектерінен спектакль ойналады. Әртістер 5 бірдей қойылымды көрермен назарына ұсынуды жоспарлап отыр. Оның алғашқысы татар халқының өмірінен сыр шертпек.

Баатырбек Шәмбетов – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының бас режиссері:

– Татар драматургы Туффан Миннулиннің “Гәргәрбектің гөйгөйі” атты спектакльді сахналаймыз. Комедиялық қойылым болады.

Кейін, италиялық друматург Карло Гольдонидің ” Венециялық егіздер” атты қойылымы сахналанады. Жаңа маусымда театр труппасы қазақ ақын-жазушыларының да еңбектерінен спектакль ойнауды жөн санапты. Биыл жерлестерімізге М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай “Қарагөз” трагедиясы ұсынды. Тағы, Николай Островскийдің “Пайдалы орын” туындысы да көрермен назарына жол тартады. Ал, ең соңғы 5-ші қойылым әрбіріміз үшін қызық болмақ. Өнерпаздар семейлік ақын Бауыржан Жақыптың поэмасының желісімен атом бомбасынан зардап шеккен әлем елдерінің тұрмысын көрсетеді.

Фархат Молдағали – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қоюшы-режиссері:

– 1949-89 жылдары аралығында Семей атам полигонда 485 жарылыс болды. Сол кездегі қиындықты халық назарына ұсынғымыз келеді.

Бұдан өзге әртістер балаларға арнап 2 ертегі әзірлеуде. Тағы, алдағы мерекелерге орай 7 бірдей концерттік бағдарлама да дайындап жатыр. Айта кетейік, биыл театр труппасы 6 маманмен толығыпты. Өнерпаздардың 4-еуі Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері болса, 2-еуі жергілікті жастар.

Байболат  Култанов