МТРА жаңалықтары

“Қазақтелеком” АҚ тұтынушыларына сыйлық таратуда

Олардың барлығы “Вип-Отбасы”, “Жемісті отбасы” “Қауіпсіз ғаламтор” және “Есептік ғаламтор” пакеттерін қостырғандар. Бірінші 25 солтүстікқазақстандыққа смарт сағаттар табысталды. Жеңімпаздар кездейсоқ сандарды таңдау арқылы анықталған.

Анна Саможаненова, Петропавл тұрғыны:


– Мен бұл сағаттарды бұрыннан алғым келетін. Сосын менің анама қазақтелеком қызметкерлері хабарласып дәл осы сыйлықты ұтқананын айтқанда қатты қуанып кеттім. Мен интернеттен түрлі мультфильмдер қараймын, түрлі арналарды көремін.

Ал, акцияның бас жүлдесі – галаксиА3 смартфоны Қызылжар ауданының тұрғыны Елена Звягинаға бұйырды. Ол “Жемісті Отбасы” пакетін шілде айында қостырған.

Елена Звягина, Богалюбово селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:


– Қазақтелекомның бұрыннан бергі тұтынушысымын. Жаңа пакетті қостырғалы интернетіміз жақсарып, көретін арналарымыздың саны артты. Бүгін соның арқасында осындай сыйлық ұтып алдым. Менің өмірімдегі алғашқы ұтысым.

Пакеттер талғамы жоғары тұтушылардың сұранысына қарай жасақталады. Қазір ең көп таралғаны – мобильдік интернет екен. Оны әсіресе ауыл тұрғындары орнатып жатады. Қауіпсіз интернеті, сенімді байналынысы мен ата-ана бақылауы да бар.

Юрий Гнусин, «Қазақтелеком» АҚ СҚ филиалының ОТД коммерциялық директоры Солтүстік Қазақстан ОТД коммерциялық директоры:

 


– Қазақтелеком компаниясы қызметтер тізімін арттырып отырамыз. Барлық отбасы мүшелері қалайтын бағдарламаларды біріктіріп, байланыс, коммуникация, көңіл көтеруді қосып жаңа пакет жасадық. Мәселен – “Супер телефон” пакеті бізде жақында ғана пайда болды. Еш кедергісіз, еліміздің барлық қаласы мен ауылдарына, Ресейге фиксациялық нөмірлерге лимитсіз хабарласуға болады. Интернетін де пайдалануға болады. Мұндай пакет айына 2999 теңге тұрады.

Бүгінгідей “Қазақтелеком” АҚ-да әлі жыл соңына дейін үш акция өтеді.

Акбопе Танирберген