Қоғам

Петропавлдық жұп “Махаббат пен адалдық” медалін алды

Ерлі-зайыптылар бүгінде 2 бала мен 3 немере тәрбиелеп отыр. Бүгін жұбайларға осы үшін де орыс халқының әулие ғашықтары Петр мен Феврония атындағы “Махаббат пен адалдық” үшін медалі табысталды.

Галина Плешакова, Н.Крупская атындағы №10 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі:

– Қалалық саябақтағы би алаңында таныстық. Қыз-жігіт болып 5 жыл кездесіп жүрдік. Осындай өмірлік серік жолықтырғаныма қуаныштымын. Екеуіміз де педагогпыз. Ұрсысқан емеспіз. Көбіне жұмыспен жүрдік.

Анатолий Плешаков, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:

– Көбіне үйде емес, жұмыста жүруімізге тура келді. Өз балаларымыздан қарағанда өзге балаларды тәрбиеледік десек те болады. Бірақ өзіміздікіне де уақыт таптық. Бірге өткізген 40 жыл бір күндей өте шығыпты. Ал, бүгінгі медальді алуымыз – күтпеген сыйлық болды.

Анатолий Андреевичтің әке-шешесі Анна мен Андрей Плешаковтар да дәл осы медальді 2012 жылы иеленген. 65 жыл бірге ғұмыр кешіп баласына дұрыс тәрбие бере білген Анна Даниловна 90-ға келіп қалған. Оған қарамастан перзенттерінінің қуанышына ортақтасуға арнайы келіпті. Олар алып отырған марапат әркімге беріле бермейді.

Виктор Нефедов, «Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы» өкілдігінің жетекшісі, Астана қаласы:


– Петр мен Феврония бірін-бірі сүйіп, бір күні көз жұмған ессіз ғашықтар. Олардың қайтыс болған күндері – 8 шілде Ресейде махаббат пен адалдық күні деп тойланады. Ал олардың атындағы бұл медаль 2007 жылдан бастап үлгілі отбасыларға табысталып келеді. Екінші рет үйленгендер мен азаматтық некедегілерге берілмейді. Ұзақ жыл бірге ғұмыр кешіп, кіршіксіз сезім мен адалдықтың ұйытқысы болғандарға ғана табыстаймыз.

Медаль РФ аумағынан тыс мемлекеттерде ғұмыр кешіп жатқан орыс ұлтының өкілдеріне де табысталып келеді. Әулие ғашықтар Петр мен Феврония атындағы “Махаббат пен адалдық” үшін марапатын 7 петропавлдық отбасы иеленген.

Акбопе Танирберген