Қоғам

Өңірде тазалық айлығына орай кезекті сенбілік өтті

Шаһар тұрғындарының сүйікті демалыс орны қалалық саябақты тазалауды облыс әкімдігінің қызметкерлері, дербес бөлімдер басшылары қолға алды. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші қолдарына күрек, тырма алған мамандар өздеріне берілген аумақты тазалауға бірден кірісіп кетті.

Ғалым Тұрсынбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

 


– Біздің департаменттің ескі саябақ аумағына шығып жұмыс істеп жатқанына үш апта болды. Күннен-күнге қандай тазалық орнап жатқанын көріп жатырмыз. Тек қана мемлекттік органдар қызметкерлері ғана емес, жалпы осындай сенбіліктерге қала тұрғындары да атсалысу керек. Негізінде қала әкімшілігінің бастамасы өте дұрыс деп санаймын.

Ал бұл Қарасай стадионына қарама-қарсы орналасқан саябақ. Мұнда тазалық шаралары үшінші апта жүргізілуде. Десе де, жұмыс жетерлік. Қала тазалығын сақтау үшін білек сыбана кіріскендердің арасында жас маман Нариман Тасболатов та бар. Мал дәрігері бөлімінде жұмыс істегеніне екі ай болыпты. Бұл оның ұжыммен шыққан алғашқы сенбілігі.

Нариман Тасболатов, қалалық ветеринария бөлімі “Ветеринария станциясы” МКК мал дәрігері:

– Қаламыздың тазалығын сақтау – біздің міндетіміз болып есептеледі. Сондықтан барлық адамдарды осындай сенбілікке шықырамын. Өзіміздің қаламызды таза сақтайық. Әрдайым артымыздан жинап отыруды міндет көреміз.

Бұл жолы сенбілікке 20 техника жұмылдырылып, 400-ге жуық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар атсалысқан. Жалпы – 6500 адам. Көгалдандыру шарсының барысында 150 куб күл-қоқыс шығарылды. Айта кеткен жөн, қаланы тазарту жұмыстары 7 қазанға дейін жалғасын таппақ.