МТРА жаңалықтары

Аққайың ауданына қарасты Полтавка селосы гүлденіп келеді ** Өңірімізде үлгілі ауылдар жоқ емес бар

Аққайың ауданындағы “Полтавское” серіктестігі 2014 жылы “Сыбаға” бағдарламасына қатысып, 400 бас мүйізді ірі қара мал алған. Семинтал тұқымындағы сиырлар жыл сайын төл беріп, қоралар малға толған. Қазір құрылысшылар осы қыстың төліне жаңа орын даярлап жатыр.

Ерлан Зикирин – “Полтавское” ЖШС директорының орынбасары, Аққайың ауданы:


 

– Мал кешенінде 30 адам еңбек етеді. Айлық жалақылары 90 мың теңгені құрайды. Ауылға жас мамандарды да тартудамыз. Серіктестік құрамына енген мыңнан астам адамға жердің пайын беріп тұрамыз. Маусымдық жұмыстарда механизаторлардың табысы 1 млн теңгеге дейін жетеді. Мемлекеттің қолдауы жақсы. Соңғы 3 жылда 258 млн теңге субсидия алдық.

Полтавка селосы тұрғындарының 20 пайызы осы серіктестікте жыл 12 ай еңбек етеді. Любовь Садовая 17-ші жыл сауыншы болып жұмыс істейді. Бұрындары бетондарды тасып жүретін нәзік жанды қазір еңбек жағдайының анағұрлым жақсарғандығын айтады. Барлық үрдіс автоматтандырылған. Сауылған сүт
түтікшелер арқылы өтіп, сүзіледі. Кейін салқындатқыш танкерге құйылады.

Любовь Садовая – “Полтавское” ЖШС сауыншысы, Аққайың ауданы:

– Сиырлардың өнімділігі жақсы. Сүтті мол береді. Жұмысымыз таңғы сағат 4,5 басталады. Сиырларды күніне екі рет сауамыз. Еңбегім де, табысымда тұрақты. Кәсіпорын басшысы село тұрғындарына жем-шөпті арзан бағамен береді. Ауылда ерінбеген адамға жұмыс табылады.

“Полтавское” компаниясы малдан өзге егін шарушалығымен мықтап айналысады.

Ерлан Зикирин – “Полтавское” ЖШС директорының орынбасары, Аққайың ауданы:

– Күзгі жиын-терім ойдағыдай өтті. 2 мың гектардан майлы дақылдарды, қалған жерлерден дәнді және жем-азық дақылдарын жинап алдық. Күзгі өнімнің шығымдылығы жақсы. Малға деп шөпті, пішендемені молынан дайындап алдық. Тұрғындар осы азық түрімен толығымен қамтылды.

Жергілікті әкімдердің сөзіне ақарағанда, “Полтавское” компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі жоғары. Село тұрғындарының бар жағдайын жасап береді.

Ольга Семенюк – Полтавка селолық округы әкімінің міндетін атқарушы, Аққайың ауданы:


–  “Полтавское” компаниясының директоры Елтай Кайырбекұлы балалар алаңқайында ағаш құрылымдарын орнатты. Аталған серіктестік село көшелерін жарықтандыруға кеткен шығынды толығымен өтейді. Қыста жолға инертті материалдар сепсе, жазда жолды жөндеп тұрады. Бизнесмен Полтавка орта мектебіне қаржылай көмек көрсетеді. Мектеп түлектері мен 1-сынып оқушыларына жылда ақшалай сыйлық үлсестіреді. Қарттарды да назардан тыс қалдырған емес.

Мұнда әлеуметтік салаға ерекше көңіл аударылуда. Соңғы 3 жылда селода жақсы өзгерістер байқалады. Басқа елдімекендер босап жатса, Полтавка селосында бәрі керісінше, бала туу көрсеткіші өсіп, ауыл гүлденіп келеді. Мәдениет үйінің кіреберісі мен шатыры жөнделіп, қазандықтары жаңартылған.

“Өңірлерді дамыту” бағдарламасы аясында балалар алаңқайы орнатылған. Полтавка селосында таза ауыс су тапшылығы мәселесі жоқ. 273 үй бар болса, 28 пайызы су құбырын тартып алған.

Берік Қасен