Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жамбыл ауданында орақ науқаны аяқталуға жақын

Олег Адам – «Шатило и К» ЖШС директоры, Жамбыл ауданы:


–  Мал басын арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір ірі қара жайлауда жүр. Болашақта аумағы 291 гектар болатын электр сымдарынан қоршау жасаймыз. Малды «ҚазАгроҚаржы» АҚ несие рәсімдеп әкелгем. Әлі сатып жатқан жоқпын. Бұқаларды басқада шарушылықтарға будандастыру үшін беріп тұрамын.

Тағы, серіктестік егін егеді. Биылғы көктемде агроқұрылым 33 мың гектар жерге дән сеуіпті. Оның басым бөлігіне бидай өсірілген. Тағы, майлы және бұршақты тұқымды да мол еккен. Ырыздықты шаруашылық диқандары шашау шығармай жинапты. Қамбаға түскен астықтың берекелігі көңіл қуантады.

Олег Адам – «Шатило и К» ЖШС директоры, Жамбыл ауданы:


–  Бидай гектарына – 25, бұршақ – 31, жасымық – 17,2 ал рапс болса 9,9 центнерден айналды. Орақ науқанын 19-шы қыркүйек күні аяқтадық. Астықты жауын-шашынға қалдырмай жинап алдық. Келесі жылы дән себетін алқаптардың көлемін арттырмаймыз. Нұт табиғи өсімдігін егіп қалуымыз мүмкін.

Бұл агроқұрылымда 250-ге жуық адам еңбек етеді. Жұмысшылардың орташа жалақысы 110 мың теңгенің маңайында. Жалпы, биылғы жыл өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жемісті болғалы тұр. Көктемде жерлестеріміз 4 миллион гектар жерге дән егіпті. Ала жаздай күтіп баптаған астық берекелігі өсті. Орақ науқанын солтүстікқазақстандық жер емген диқандар аяқтағалы отыр. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша шаруалар 5,5 млн тонна алтын дәнді қамбаға құйған. Ырыздықтың дені – 3-ші және 4-ші сұрыпты.

Қайрат Омаров, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Мұндай мол өнімді жоғары технологияны пайдаланудың арқасында жинадық. Осы көктемде былтырғыдан екі есе көп элита тұқымын сепкен болатынбыз. Топырақты құнарландыру үшін жерге 63 мың тонна минералды тыңайтқыш сіңірілді. Орақ науқаны аяқталуға аз қалды. Алқаптардың 96 пайызындағы астық жиналды. Өңірдегі элекваторларға 800 мың тонна бидай жеткізіліп отыр. Биыл алтын дәнді облысымыздағы лицензияланған қамба қабылдайтын болады.

Айта кетейік, Тимирязев ауданында орақ науқаны аяқталды. Ал, ең көп өнім М.Жұмабаев пен Жамбыл аудандарында өсіріліпті. Астықтың берекелігі гектарына 25-27 центнерге жеткен.

Байболат Бектемірұлы