Қоғам

“Отан қорғаушы-2017” әскери-патриоттық клубтардың слеті өтті

Лидия Грабарь – “Саланг” әскери-патриоттық клубының менеджері:

– Бұл слет 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. 5 аудан және қала мектептері мен колледждерінде білім алатын 16-18 жасар жасөспірімдер қатысуда . Сайыс аяқталған соң қатысушылар үшін әскери техника көрмесі ұйымдастырылады. Осы арқылы біз жас жігіттерді отан алдындағы борышын өтеуге баулимыз.

Ең алдымен жігіттер әскери эстафетада сайысты. Кейін белтемірден тартылу бойынша мықтыны анықтады.

Олег Бахшеев, Б.Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжі құрамасының мүшесі:


– Мен қазір 24 рет тартылдыым. Бірақ бұл менің үздік нәтижем емес. Жалпы слетке екінші рет қатысып отырмын. Болашағымды әскери саламен байланыстырсам деймін.

Үшінші сайыс – арқан тартыс. Мұнда ең күшті және ұйымшыл құрама топ жарады.

Кенжеболат Балтабаев, 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Жігіттер қаруды бөлшектеп қайта жинады, противогаз киіп жүгірді. Дайындықтары жоғары, бәрі ұйымшыл. Ел әскеріне осындай мықты жігіттер керек. Бұл слет арқылы қатысушылар арасында қарулы күштердің мәртебесін көтеруді көздеп отырмыз.

Үш сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен құрама жеңімпаз атанады. Жүзден жүйріктерге кубок, диплом және бағалы сыйлықтар табысталады.

Саят Ермек