Білім

Петропавл қаласының әкімі М.Тасмағанбетов ұстаздарды меркемен құттықтады

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Құрметті ұстаздар! Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында білімді ұрпақтың саны артып келеді. Жемісті еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін.

Бұдан соң Марат Тасмағанбетов еңбегі еленген ұстаздар қауымын Алғыс хатпен марапаттады. Бұндай қошеметке 9 педагог ие болды. Бұдан бөлек салтанатты жиында бірқатар номинацияларда жеңіске жеткен ұстаздар өз сыйлықтарын алды. Бүгінгі мерекеде “әл-Фараби” мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Нұрқан Қамзин “Тиімді жұмыс істегені және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені” үшін марапатқа ие болды. Педагог өз еңбек жолын 1996-шы жылы Шал ақын ауданындағы Жалтыр ауылында бастапты. Сол елді мекендегі негізгі мектепте 15 жыл жұмыс істеп, қаладағы іргелі білім ұяларының біріне 2011-ші жылы келіпті.

Нұрқан Қамзин – “әл-Фараби” мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі:

 

– Балалардың тарихқа деген көзқарасы жақсы. Олардың сүйіспеншілігін арттыру үшін өзімізде қызмет етіп жатырмыз. Жас ұрпаққа Егеменді еліміздің тарихын оқытып жатырмыз.

Мерекелік шарада концерттік бағдарламамен жалғасты.

Риат Шони