Ауыл шаруашылығы

Өңірде эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда

Мұнда қазір ветеринарлық дәрігерлер эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуде. Бұл жерде мамандар алдымен ірі қарадан бруцеллезге қарсы қан алады. Кейін, малға туберкуллез дертін анықтау үшін арнайы сұйықтық егеді. Дәріленген жер іспеуі керек. Егерде тері 72 сағаттан соң 3 мм көтерілсе іріқараның ауру екендігін білдіреді.

Людмила Степанова – Рощинское ауылдық округының ветеринарлық дәрігері, Қызылжар ауданы:

–  Анализдарды алған соң аудан орталығы Бескөлге барамыз. Ол жерле лаборатория бар. Сараптама жасалады. Егер де малдан қандай да бір дерт байқалса ірі қара 14 күннің ішінде сойылуы керек. Біз эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізген кезде Сібір жарасын болдырмау үшінде дәрі егеміз.

Биыл Қызылжар ауданындағы ірі қара малдың бірде-бірінен туберкулез бен сібір жарасының белгілері байқалмапты. Ал, 40 аналық сиырдың қанын тексере келе бруцеллез ауруы анықталған. Мал бірден сойылыпты. Жалпы, ветеринарлық дәрігерлер күзгі эпизоотияға қарсы іс-шараларын мерзімінен бұрын аяқтауға жақын. Бүгінде шаруаның 85 пайызы тындырылып отыр.

Есмағзам Құдасов – Қызылжар аудандық ветеринарлық станцияның директоры:


–  Біз қыркүйек айында 5 мың бас ірі қараға эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргіземіз деп ойладық. Алайды, жоспарды 3 мың басқа артық орындадық. 5 мыңға жуық жылқы сібір жарасына қарсы дәріленуі тиіс. Қамбар ата төлінің 3 мыңына екпе салынды. Торайлар мен қойлардан да қан алынып сараптама жасалуда. Біздің ауданға эпизоотияға қарсы жұмыс жүргізу үшін 62 миллион теңге бөлінген болатын. Қаржының әзірге 48 миллионы игерілді.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстанда эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Биыл өңірдегі 1 миллионнан аса малдың қанын тексеріп, дәрілеуге облыстық бюджеттен 688 жарым миллион теңгеден жуық қаржы бөлініпті. Теріскейлік ветеринар мамандар жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Байболат Бектемірұлы