МТРА жаңалықтары

Жыл басынан өңірде 502 өрт оқиғасы тіркелді

Амир Бекчентаев – Ғ.Мүсірепов аудандық ТЖ бөлімінің бастығы:

– Бүгінгі күнге дейін өрт қауіпсіздігін бұзған 14 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұл көлемі 215 мың 555 теңге. Жалпы біздің ауданда орын алған оқыс оқиғаның салдарынан 1 адам көз жұмды. 4-уі тұншықтырғыш газбен уаланып жарақат алды. Оның екеуі бала.

Айыртау ауданында жағдай өзгерек. Мұнда жыл басынан 41 өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5 пайызға аз болса да, келтірген шығыны шаш етектен. 4 млн 714 мың теңгені құрап отыр. Ал былтыр 12 айдың қорытындысы бойынша бұл сома 69 пайызға кем болыпты. Адам өліміне келсек көрсеткіш көңіл көншітпейді. 2016-шы жылға қарағанда 100 пайызға көп. Яғни, жыл басынан 4 жерлесіміз қызыл жалын құрбаны болған.

Бауыржан Бекжанов – Айыртау аудандық ТЖ бөлімінің бастығы:

– Ақпанның 6-сы күні аудан орталығы Саумалкөлде Губаркова көшесі 49 мекен жайы бойынша орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалын баспананың 70 пайызын жойды. Оқиға орнында 2 адамның денесі табылды. Оның біреуі әйел, екіншісі ер азамат. 1968-87-ші жылғылар. Өрттің шығу себебі – отты дұрыс пайдаланбау болды.

Жалпы жыл басынан өңірде 502 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жау келтірген шығын көлемі 66 млн теңгеден астам. Оқыс оқиғаның кесірінен 30-ға жуық теріскейлік көз жұмды. Бұл ретте өңір құтқарушылары 11-ші қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айылығын жүргізуде. Шара барысында тұрғындарға жадынамалар таратылып, рейдтер жүргізіледі.

 

Риат Шони