Ауыл шаруашылығы

“Азық түлік келісім-шарт корпорациясы” ҰҚ СҚО өкілдігі астық сатып алып жатыр

Бұл өнімді өткізуде Мағжан Жұмабаев ауданының шаруа қожалықтары белсенділік танытып жатса керек. Қазір аграрийлер бидай бағасының бекітілуін күтіп отыр. Жаз бойы жерден бас алмай тер төккен шаруалардың өнімін делдалдар арзанға алып кетпеуі үшін компания алтын дәннің құнын шамалап белгілеп қойған екен.

Рамазан Әсіп, “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ СҚО өкілдігінің директоры:

– Қазір енді алдымыздағы айдың басында бидайдың бағасы шығады. Оның алдында біз бағаларды қойдық. Оны алдын-ала қойғанымыз трейдерлер дейміз делдалдар өз бағаларына астықты сатып алып, баға қатты түсіп кетпеуі үшін. 03:39 Бидай көп кезінде баға түседі. Аз кезінде сапасы жақсарып бағасы көқтеріледі. Биыл арпа 41 мың теңге. Бидайды 41-42-ден бастап аламыз.

Солтүстік Қазақстанда Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына тиесілі үш қойма орналасқан. Қазір онда алдыңғы жылдардан қалған 260 мың тонна бидай бар екен. Кәсіпорын енді кілегейлігі 23-24 болатын, 5-классқа дейінгі алтын дәнді сатып алуды бастағалы отыр. Олардың барлығы кейін мемлекет пайдасына ұқсатылады.

Рамазан Әсіп, “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ СҚО өкілдігінің директоры:

– Қоймада запаста болу керек. Жыл сайын жаңартып тұрамыз. Оны қарап, бағалап, тоқсан сайын қоймаларды аралап тексеріп сапасын ақарйды. Олар келісімшартқа сай сатып отырамыз. Үкіметтің келісімшарттары бар. Шетелге шығарамыз.

Майлы дақылдардың тоннасы 80-85 теңге, ал бұршақ тұқымдас дақылдардың тоннасы 90 мың теңге сатып алынуда. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы бұл бағаны әлдеқашан жариялағанымен теріскейлік диқандар өнімдерін өткізуге әлі асықпай отыр.

 

Акбопе Танирберген