Қоғам

Өңірімізде қазақ тілін латын графикасына көшіру сұрағы қызу талқылануда

Жанар Таласпаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– Қыркүйектің 9-ы күні Парламент мәжілісінде латын әліпбиінің бір нұсқасын ұсынған болатын. Яғни, Тіл білімі институтының ғалымдары және Шаяхметов атындағы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ұсынған нұсқамен біз бүгінгі күні әрі келісеміз, әрі келіспейміз деп те айтамыз. Себебі, бүгін қоғамда 2-3 түрлі көзқарас қалыптасты.

Яғни, жаңа алфавитте дигрАфтардың болуына кейбіреуі келіспеушіліктерін білдіріп жатыр. Өйткені, ол біздің жазуымызға, оқуымызға қиындық келтіреді деген пікірлерін айтуда. Ал, енді бірі бір әріппен бір дыбысты белгілеу керек деген қағидатты ұстанады.

Жанар Таласпаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

– Бұл жерде дәйекше, диакретикалық әртүрлі таңбаларды пайдалана отырып, әрбір әріпті біздің әрбір дыбысымызға қарай белгілеу керек деген ұстанымда. Әрине, бұндай қоғам мүшелерінің айтқан пікірлері түгелдей қайта қарастырылады, Бұл бағытта мамандарымыздың жасап жатқан жұмыстары жемісті болады деген ойдамыз.

Айта кетсек, қазіргі таңда төрткүл дүниедегі әр 10 адамның 8-і латын графикасын пайдаланады екен. Сондай-ақ, дүние жүзіндегі мемлекеттердің 80 пайызы осы қаріп түрін қолданады.

 

Тогжан Акмагамбетова