Энергетика

Қыркүйектің 25-сінен Петропавлдағы 300 ғимаратқа жылу берілді

Игорь Рыбас – “Петропаувл жылу желілері” ЖШС бас директоры:

– Петропавлдағы 700 көпқабаты үй жылыту маусымына толығымен дайын. Басқа 230 баспананың тұрғындары әрекетсіз отыр. Оларға жылу ең соңында беріледі. Өйткені, олар баспана ішіндегі құбырларын 4 жыл бойы жуып-шаймаған. Соның салдарынан қыста батареялары дұрыс жылынбауы мүмкін.

Қыс мезгілінде магистральдарда ақаулар болмауы тиіс. Биыл монополистер 13,2 шақырым құбырды жаңасына алмастырып үлгеріпті. Қазіргі таңда ондай жұмыстар Алтынсарин көшесінде жүргізілуде.

Игорь Рыбас – “Петропаувл жылу желілері” ЖШС бас директоры:

– Ы.Алтынсарин көшесінің бойындағы нысандар жылусыз қалмайды. Жақында сол маңдағы екі балабақша орталықтандырылған жүйеге қосылады. Артынша, 19-шы және 20 ықшам аудандар тізімде тұр.

Жыл сайын қалаға берілетін жылудың 40 пайызы далаға кететін көрінеді. Сондықтан әкімдік тұрғындарға жылу есептегіш аспаптарын орнатуға кеңес береді.

Анатолий Мишин – Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:

– Жылу есептегіш аспабы барлар пәтердің шаршы метрі үшін 60,74 теңге төлейді. Ал құрылғысы жоқтары 46 теңгеге артық шығындалмақ. Облыс орталығында жылу энергиясын реттеп отырсақ, жылу барлық баспаналарға біркелкі жететін болады.

Игорь Рыбастың айтуынша, бүгін қыркүйектің 27-сі қаладағы 120 көпқабатты үйге жылу беріледі.

Берік Қасен