Спорт

Теріскейлік “Қызыл-Жар СҚ” ФК ҚПЛ жолдама алды

– Ойын жақсы өтуде. Мақтаарал құрамасы мықты. Жақсы қорғанады. Шабуыл жасайды.

– Бүгін біз жеңіске жетеміз. Командамыз Премьер лигаға шығады.

Көп кешікпей келесі 45 минуттық та басталды. Бұл тайм қауіпті шабуылдарға толы болды. Қос құраманың да жігіттері аянып қалмады. Әсіресе, қызылжарлықтарда гол соғатын тамаша мүмкіндік болған. Оңтайлы сәтте қорғаушымыз Мамуту Кулибали қонақ қақпашыдан айласын асыра алмады.

Бұдан соң да жерлестеріміз шабуылдады. Алайда, жанкүйер 90 минут ішінде соғылған гол көре алмады. Сонымен есеп 0-ле 0. Көп кешікпей төреші ысқырығы шалынды. “Қызыл-Жар СҚ” футбол клубы 1 ұпай еншілеп, 7 жылдан соң мерзімінен бұрын Қазақстан Премьер лигасына шықты.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК капитаны:

– Барлық солтүстікқазақстандықтарды жоғарғы дивизионға өтуімізбен құттықтаймын. Құрамаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге мың алғыс. Біз енді еліміздің мықты командаларымен ойнайтын боламыз. Осы сәтті жерлестеріміз ұзақ күтті. Мақтаарал командамасымен әр ойын қиын өтеді. Дәл осы ұжым жігіттерімен өткізген көп кездесулерде гол аз соғылады.

Бұнымен, “Қызыл-Жар СҚ” ФК үшін маусым аяқталған жоқ. Алда әлі 4 ойын бар. Жерлестеріміз келесі кездесуін Қарасай стадионында қазанның 13-і күні өткізеді. Петропавлға қонаққа оңтүстікастанадан “Қайрат А” команасы келмек.

 

Култанов Байболат