Мәдениет

ҚР Ұлттық музейіне сый

Олар бабаларынан қалған құнды дүниелерді Ұлттық музейге сыйға тартты. Ебіней Бөкетовтың немере қарындасы Нұрсұлу Бөкетова ағасының қолының табы тиген мына кітапшаны алып келген. Ғалым туындыдағы орысша өлеңдерді жанына қазақшалап аударып қойған екен.

Нұрсұлу Бөкетова, Ебіней Бөкетовтың немере қарындасы:

– Бірнеше дүние алып келдім. Ағамның жазған хаты, алған марапаты, сосын осы қолтаңбасы бар кітап. Бұл ескерткіштерінің музейде тұрғаны жақсы.

Әріректе ақын – Мағжан Жұмабаевтың 1923 жылы түскен суреті, Еңбек Ері – Геннадий Зенченко ұстаған қалам мен көзілдірігі, 2 дүркін КСРО чемпионы, боксшы – Камиль Сафиннің спорт киімі мен медалі тұр. Мақтай Сағдиев, Шота Уәлиханов, Мухамед-Рахимов Тауфик сынды жерлес тұлғалардың еңбектері де осында. Бұлардың барлығы алдағы күндері ҚР Ұлттық музейіне қойылатын болады. Бас қор сақтаушы Рыскүл Бекталиева жәдігерлердің бөліп жаратыны жоқ, бәрі құнды дейді.

Рыскүл Бекталиева, ҚР Ұлттық музейінің бас қор сақтаушысы:

– Елбасымыздың рухани жаңғыруында елге қиын қыстау заманда бас көтерген әр азамат ұмытылмауы керегі айқын көрініс табады. Бұл шара да президенттің осы ойын қолдайды.

Бүгін Солтүстік Қазақстанда туған 21 тұлғаның 236 заты ҚР Ұлттық музейіне сыйға тартылды. Жалпы бұл акция басталғалы еліміздің 8 қаласын аралап, танымал тұлғалардың 3000-дай дүниесі Қазақстанның бас музейіне өткен екен.

 

Акбопе Танирберген