Қоғам қайраткері, тарихшы Таңат Сүгірбаев 75 жасқа толды

Мәдениет

13:38 25 Қыркүйек 2017

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” орталығының жетекшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі:

– Асыл мұраның басты мақсаты өңір тарихын зерттеу. Облысымызда болған хан, батыр мен билерді анықтап, оларды өскелең ұрпаққа таныту.

Жалпы, Таңат Сүгірбаев саналы ғұмырының 50-ден астам жылын еңбекке арнаған. Мектеп директоры, газет редакторы, мәслихат депутаты. Осы сынды беделді лауазымдарды жұмыс істеген ол, еңбек демалысына шыққан соң да жұмыстан шет қалмады. Азаматтың сөзінше, бұл жетістіктерінің барлығы өмірлік серігінің арқасында. Құттықтаулардан бөлек, шара аясында Таңат Айтмұқашұлы “Облыстың құрметті ардагері” атағына ие болды.

Ескендір Елеусізов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қаламынан жақсы туындылар, елдің үлкен ағалары мен құрметті азаматтары жазған кітаптары бар. Кейінгі жастарда “Елімізде кім болды?” “Осы жақсылықтардың барлығын кім жасады” деген сұрақтар туындайтын болса, Таңат Айтмұқашұлының кітабын оқыса болады.

Зайыбымен 3 ұлын тәрбиелеп, бірнеше немере мен шөберенің қызығын көріп отырған Таңат аға әлі де тың. Жерлесіміздің алдағы жоспары ауқымды. “Асыл мұра” ұжымы тарихи тұлғалар жайлы әлі де талай еңбектерді жарыққа шығармақ.

Эльмира Садвокасова