МТРА жаңалықтары

“Нептун” спорттық-сауықтыру кешенінің ашылғанына – 5 жыл

Жұмбақтар, викториналар, театрландырылған қойылымдар. Мында кез келген қала тұрғындары мен қонақтары жанына жақын ойын-сауық түрін тандай алады.

Жалпы, кешенде әрдайым адамдардың жақсы демалуына жағдайлар жасалған. Айта кетсек, осы жерге жиылған адамдар түрлі ойындар мен жарыстарға қатысып, өз араларында мықтыны анықтады.

– Мен “Нептунда” жаттығамын. Маған мұнда қатты ұнайды. Мен өзімнің достаммен әрдайым келіп, бассейде жүземіз.

– Мен Көкшетаудан осы қалаға бірінші рет келіп отырмын. Осы кешен көңілімнен шықты. Қызымызбен екеуміз өте ризамыз. Суы жып-жылы екен.

Ең басында “Нептун” спорттық-сауықтыру кешенінде тек қана аквапарк қана болса, бүгінде мына нысан фитнес клуб, бассейн, сауна, түрлі шағын дәмханалар және солярий, массаж сынды кабинеттермен қамтылған.

Анна Бойцова – “Нептун” ойын-сауық кешенінің аға әкімшісі:

– 5 жыл бұрын біздің аквапарктің ашылу салтанатына Елбасы қатысқан болатын. Бұны мақтаныш тұтамыз. 2012 жылдан бері кешен алға басып, көптеген орталықтар халық игіліне тапсырылды. Алдағы уақытта да көптеген жоспарымыз бар. Оны уақыты келгенде көрерсіздер.

Ал, қала тұрғындарының дене бітімін қалыпқа келтіріп, спорпен шұғылданамын дейтіндер үшін “Нептун” фитнес орталығында барлық жағдай жасалып отыр. Тәулігіне 80-ге жуық адамды қабылдауға қауқарлы. Мына жер заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтылған. Бүгіннің өзінде мұнда 60-тан астам жаттығу құрылғылары бар. Сондай-ақ, осында йога, стречинг, пилатес, аква-аэробика, грэплинг сынды 25-ке жуық спорт секцияларына баруға болады.

– Осы жерге күн ара келіп тұрамын. Залдағы құрал-саймандар ұнайды. Барлығы да ыңғайланып орналастырылған. Өзімнің үйіме де жақын.

– “Нептун” фитнес орталығы қаламыздағы ең танымал деп есептеймін. Мұнда өте жайлы және атмосферасы да тамаша.

Фитнес орталықта бүгіндері 35-ке тарта маман қызмет етеді. Соның бірі, Мария Тимошина. Нәзік жанды фитнес залда 4 жыл бойына аға жаттықтушы болып еңбектенеді. Оның осы салада жүргеніне биыл 15 жыл болыпты.

Мария Тимошина – “Нептун” ФК аға жаттықтырушы:

– Фитнес залдың ішінде 7 жаттықтырушы бар. Әрқайсысы өздерінің ауысымдары бойынша жұмысқа шығады. Бізге, көбіне салауатты өмір салтын ұстанып, тәндерін өздерінің қалауынша мінсіз еткісі келетін жандар келеді. Біз болсақ, олардың мақсаттарына жетуіне қол ұшымызды береміз.

Айта кеткен жөн, бүгіндері “Нептун” спорттық-сауықтыру кешенінде 80-ге жуық адам еңбек етеді.

Тогжан Акмагамбетова