Денсаулық сақтау

Ғ.Мүсірепов ауданына қаладан 20-дан астам маман келген

Жанболат Ақылбеков – Ғ.Мүсірепов аудандық орталық емханасының жалпытәжірибелік дәрігері:

– Біз солтүстікке келгенде, үй көрсетті. Барлығы ұнады. Баспанамен және жұмыспен қамтылдық. Бұған қоса, 158200 тенге көлемінде адам басына көтермеақы берілді.

Жалпы, аудандық орталық емханада дәрігерлердің жұмысына қолайлы жағдай жасалған. Мұндағы медициналық құрылғылар әрдайым жаңартылып тұрады. Соңғы 2 жылдың ішінде емхана 26 млн тенгеге бірқатар су жаңа аппараттар сатып алған. Бұдан бөлек, аталған мақсатқа республикалық бюджеттен 30 млн тенге бөлініпті. Қазір аталған емханада 54 маман жұмыс істейді. Олардың 7-уі биылғы жылы қызметке тұрған.

Талғат Әміржанов – Ғ.Мүсірепов аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі:

– “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында ауылға жұмысқа орналасуға келген маманға барлық жағдай көрсетіледі. Әлеуметтік және ауыл шаруашылығы саласындағы адамдарға 500 АЕК көлемінде пайызсыз несие беру қарастырылған. Бұдан бөлек, әр қызметкерге 70 АЕК, яғни 158 мың тенге шамасында көтермеақы табысталады.

Биыл Ғ.Мүсірепов ауданына қаладан 20-дан астам маман келген. Олардың басым бөлігі – мұғалімдер, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер.

Эльмира Садвокасова