Спорт

Еркін күрестен СҚО чемпионаты өтті

Жамбыл Тасеменов, ҚР құрметті спорт қайраткері:

– Облыстың спорт ардагерлері атынан біріншіліктің ашылуымен құттықтаймын. Болашақта жеңіске жете беріңдер. Оқуды жақсы оқып, үлкен азамат болыңдар.

Көп кешікпей жарыс басталды. Біріншілікте жеткіншектер 22 салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтады. Ер балалардан бөлек мұнда 34 қыз бала бақ сынады. Оңай емес спорт түріндегі айла-тәсілдерді жетік меңгерген бұрымдылар боз кілемдегі тартысты әсерлі ете түсті.

Қатысушылардың бірі Томирис Уразбаева. Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі 46 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бірінші кездесуінде қарсыласының жамбасын жерге тигізді.

Томирис Уразбаева, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Еркін күреспен 5 жыл айналысып келемін. Қарсыласым мықты болды, бірақ мен оны жеңдім.

Аталған біріншілікте үздік атанған спортшылар ел чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғамақ. Бұл мақсатта әр салмақ дәрежесінен озық шыққан 1 спортшы іріктелінеді.

Орынбек Балағанов, жарыстың бас төрешісі:

– Қарашаның 5-6 күндері Жезқазған қаласында ҚР біріншілігі өтеді. Бұл жарыс ел чемпионатына іріктеу. 97 ер бала, 34 қыз бала қатысуда.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Саят Ермек