Денсаулық сақтау

Ағымдағы жылы 578 мың теріскейлік емханаға тіркелген

Лариса Гордеева – “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КАҚ СҚОФ:

– Оның қорытындысы бойынша арнайы базаға 56 медициналық ұйым енді. Оның 33-і мемлекеттік болса, 23-і жеке меншік болып табылады. Өткен жылмен салыстырсақ 17 пайызға өсім бар.

Алғашқы медицналық-санитарлық көмек алу үшін емханаларға тіркелу үшін талап мынандай. Емдеу мекемесінің орналасқан жері тұрғылықты мекен-жайға жақын орналасу керек. Тағы азамат учаскелік дәрігерді өзі таңдау құқығына ие. Қазіргі таңда №3 қалалық емханаға 66 мыңға жуық адам тіркеліп үлгеріпті.

Әлия Ташетова – №3 қалалық емхананың бас дәрігері:

– Қыркүйектің 15-нен бастап біздің емханаға 197 адам тіркелді. Оның 165-і өз қалауымен, 32-сі тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруына байланысты. Айта кету қажет, адамдар емхананы ауыстырған кезде бұрынғы емдеу мекемесіне барып тіркеуден шығудың қажеті жоқ. Ол автоматты түрде басқа емханаға тіркелгенде жасалынады. Бастысы жеке куәлікпен келсеңіз болады.

Айта кету қажет, емханаларға тіркеу қарашаның 15-не дейін жүреді. Бұл науқаннан кейін тұрғындар келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап алғашқы медицналық-санитарлық көмекті өздері таңдаған емдеу мекемелерінен ала алады.

 

Риат Шони