Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО Ішкі істер органдары ардагерлерінің І -слеті өтті

Ішкі істер органдары ардагерлерінің слеті аясында аудандардағы бастауыш ұйымдардың жұмысынан аз-кем ақпарат берілді. Көрмені ҚР ІІМ Ішкі істер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков тамашалап, солтүстікқазақстандықтарға жақсы бағасын берді.

Өмірзақ Болсамбеков- ҚР ІІМ Ішкі істер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы:

– Мерекенің алдында бастауыш ардагерлер ұйымдарының істеген жұмыстарына баға беріп, үздіктерін марапаттаймыз. Слетке келе алмаған ҰОС ардагерлерінің үйіне барып мерекемен құттықтадық. Мен өзім кеше келіп ҰОС ардагерлерінің үйіне кіріп шықтым. Біреуі 100 жасқа толыпты.

Қазіргі таңда ІІО-дарында 1 800-ден астам ардагер тіркелген. 6-уы қарт майдангерлер, 28 – тыл еңбеккері. Слет Халықаралық қарттар күні қарсаңында өткізілуде. Жиналғандарды меркемен аймақ басшысы құттықтады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Халқымыз қарты бар ел-қазыналы ел деп аға буынға ерекше көңіл аударған. Олардың жүріп өткен жолы, тәржірибесі өсіп келе жатқан жастарға әрқашан үлгі.

Жиын барысында ұзақ жылдар бойы құқықтық тәртіпті нығайтуға зор үлес қосқандардың бірқатары облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен мараптталды.

Өзге жерлестерімізге Ішкі істер және Ұлттық ұлан органдары ардагерлері кеңесінің Құрмет грамотасы табысталды.

Серғали Жұмағұлов – Петропавл қалалық ІІБ бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы:

– Қалалық ІІБ жанындағы ұйымда 302 зейнеткер тіркелген. 4-еуі ҰОС ардагері. Біз қарт майдангерлердің үйіне жиі барып, олардың жағдайын біліп тұрамыз. Материалдық көмек беріледі. Зейнеткерлерге әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер қарайды.

Жерлестерімізді халықаралық қарттар күні мерекесімен Қазақ КСРнің Халық әртісі Лаки Кесоглу құттықтап, әннен шашу шашты.

Берік Қасен