Балалар

СҚО мектеп орманшылығының 6-шы слеті өтті

Абылайхан Қайроллаев, «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– Бұл слетқа біздің облысымыздың барлық аудандарынан жас оқушылар келді.Бүгінгі біздің бағдарлама бойынша бізде негізгі 3 конкурс өтеді.Барлық командалар дайын. Жеңімпазды бүгін анықтаймыз.

Ал мына жерде М. Жұмабаев ауданының “Лесной дозор” командасы сайыстың 2-ші тапсырмасы бойынша жұмыс істеуде. Қолдарына карта алып, компастың көмегімен орман ішінде жасырылған заттарды іздестіру үстінде. Тапсырманың қиындығына қарамастан, жас орманшылар алға қойған мақсаттарынан тайған жоқ.

Бұл команданың алғашқы сайысы емес. Алдыңғы жылы жас орманшылар слетінде “Лесной дозор” командасы 2-ші орын иеленген екен. Ал 2015 жылы дәл осы бағытта Ресейдің Түмен қаласында өткен халықаралық сайысына қатысып, жүлделі оралған. Бүгін де жүлдені жеңіп алуды мақсат етіп отыр.

Маргарита Болтовова – сайысқа қатысушы, Мағжан Жұмабаев ауданы:

– Біз “Лесной Дозор” командасы М. Жұмабаев ауданынан келдік. Маған әсіресе от тұтатқан ұнайды. Біз бұл сайысқа 7-ші рет қатысып отырмыз. Маған бұл жер ұнайды. Себеі біз көп нәрсеге үйрендік.

Слет қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.