МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар латын әліпбиіне көшу жайын талқылауда

Рашид Надиров – Республикалық “Барбанг” күрттер қауымдастығы” ҚБ СҚО бойынша төрағасы:

– Латын графикасының елімізге тигізер пайдасы зор. Әсіресе, бұл – жас буынға қатысты.

Тіл мамандары, тарихшылар мен заңгерлердің барлығы бірауыздан бастаманы қолдап отыр. Алайда, бұл істі жүзеге асыру үшін атқарар жұмыс көп. Оның ең бастысы – әліпбиді жасау барысында қателік жібермеу. Қазірдің өзінде қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар саны жөніндегі әркімнің пікірі әрқалай екен. Осыған байланысты филолог Гүлфайруз Симбаева өз ойын білдірді. Маманның сөзінше, тіліміздегі басы артық әріптерден арылған жөн. Мәселен, “и” мен “у” дыбыстары 20 ғасырдың 40-шы жылдары латын жазуынан кириллицаға көшкенде енгізілді. Сол себепті, оған қатысты бірқатар ережелерді де қабылдауға тура келді.

Гүлфайруз Симбаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Қазақ филологиясы” кафедрасының аға оқытушысы:

– Сөзді буындарға бөлгенде, буын тек дауыссыз дыбыстан басталуы керек. Ал, осы “у” мен “и” қазақ тілінің бар қасиетін бұрмалап, буынға ажыратқанда, оның басына келіп жатады.

Осы сынды қазақ тіліне тән өзгешеліктерді сақтай отырып, латын әліпбиін құрастырған жөн. Еске сала кетейік, еліміз аталған графикаға толығымен 2025 жылға қарай көшеді.

 

Эльмира Садвокасова