МТРА жаңалықтары

Қаланың көпқабатты үйлеріне ел мақтаныштарының суреттері бейнеленуде

Жерлесіміздің ерекше бейнесі Қазақстанда алғаш рет әзірленуде. Іспен Санкт-Петербор қаласынан келген жас суретшілер айналысып жатыр. Ресейлік мамандар суретті салуға 2 күн бұрын кірісіпті. Енді, ертең шеберлер жұмысты толығымен аяқтамақ. Жоба авторлары туынды 2 жыл бойы өз реңін жоғалтпай сақталады деп кепілдік берді. Бұған қоса, қаламызда тағы осындай көпқабатты баспаналарда портреттер салынбақ. Алдағы уақытта Мағжан Жұмабаев және Жамбыл Жабаев сынды тарихи тұлғалардың суреті бейнеленбек.

Антон Онищенко, суретші, Санкт-Петербор қаласы, РФ:

– Біз кәсіби суретшілер емеспіз. Алайда, жанымызға ұнайтын іспен айналысып жүргенімізге 10 жыл болды. Ең ауқымды сурет 25 қабатты үйдің қабырғасына салынды. Ал, бұл болса 5 есе кіші. Сондықтан, еш қиындық туындамайды.

 

Эльмира Садвокасова