Қоғам

Петропавлда облыстық “Тіл шебері” байқауы өтті

Ольга бүгінгі байқауға бір ай көлемінде дайындалыпты. Жеңіске жететініне үмітті.

Ольга Миллер – №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:

– Мен шығаршылық нөмірімде “Япыр-ай” әнін айтып, өзімнің кішкентай оқушыларыммен қазақ биін де билеймін. Осы залға жиылған жұрттың көңілінен шығады деген сенімдемін.

Жалпы байқау 3 кезеңнен тұрады. “Тіл шебері” сайысында 14 өзге ұлт өкілінің қайсысы мемлекеттік тілді жақсы меңгергені бағаланады. Қазылар алқасы ең алдымен үміткерлердің сөйлеу және жазу сауаттылығы мен әртістілігіне баса назар аудармақ.

Сәлімхан Сәбитов – “Қоғамдық келісім” КММ жетекші сарапшысы:

– Мақсаты туралы айтады.

Сайыста жақсы қырынан танылғандар грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тогжан Акмагамбетова