Өнеркәсіп

Петропавл 2-ЖЭО қауырт маусымға дайын

Андрей Семакин – “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ Петропавл 2-ЖЭО қайта құру және жаңғырту басқармасының басшысы:

– Биыл біз 3 негізгі жаңғырту шараларын қолға алдық. Олар – №2 турбоагрегат, жылу қуатын бөлу жүйесі мен 110 кВ ашық тарату қондырғысының жаңғыртылуы. Соңғы екеуі бойынша жұмыстар 100 пайызға орындалған. Ал, агрегатты жетілдіру осы аптаның соңында аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы, осы уақытқа дейін барлық қазандықтар мен турбиналар қажетті жөндеу жұмыстарынан өтті.

Жаңғырту шаралары өз нәтижесін беруде. Жұмыс істеу қуаты әлдеқайда артып, қондырғылардың істен шығуы азайған. Мәселен, 2009 жылы құрылғылардың тозуы 90 пайыздай болса, қазір бұл көрсеткіш 59 пайызға дейін жеткен. Жылу электр орталығында 800-ден астам адам қызмет етеді. Бірақ, олардың бірін де мына турбоагрегаттар жанынан көрмейсің. Себебі, қондырғылардың барлығы автоматты түрде жұмыс істейді. Олардың жағдайын мына жерден бақылап, басқаруға болады. Жаңғырту шараларынан бөлек, мұнда нысанды жөндеу жұмыстары да жүргізілуде.

Анатолий Мишин – Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:

– Мен осыған дейін мұнда талай рет болдым. Келген сайын қондырғылардың жаңартылып тұратынын байқаймын. Бұл, әрине, бірінші кезекте түрлі апаттық жағдайларды тудырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыс қуаттылығын арттыруда.

Жылу электр орталығы қауырт маусымға дайын. Осы жылы олар 183 мың 898 тонна көмір сатып алған.

 

Эльмира Садвокасова