МТРА жаңалықтары

Техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаменті 8 айды қорытындылады

Нәтижесінде 4 құқық бұзушылық фактісі тіркеліпті. Тиісті нормаларды сақтамаған мекемелерге 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынған. Көбінесе заң талаптары денсаулық сақтау мен білім беру және тауар өнеркәсібінде бұзылатын көрінеді.

Вадим Маршаков – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:


–  Соңғы 10 жыл ішінде мамандар 3200-ден аса тексеріс жасады. 1600 құқық бұзушылық анықталып, 30 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл сомма ел қазынасына толығымен қайтарылды. Тағы, қызметкерлеріміз адам өміріне зиянын тигізетін қауіпті және сапасыз тауардың түрлерін де анықтады. Осының арқасында жалпы құны 750 млн болатын 9 мың партия азық-түлікпен заттың саудаға шығарылуына тыйым салды.

Тауарды саудаға емін-еркін шығару үшін каталогтық парақ болған абзал. Арнайы қағазда өнімнің толық сипаттамасы жазылады. Онда халықаралық немесе еліміздегі сертификаттаушы ұйымдардың мөрлері болады. Бұл құжатты алу үшін кәсіп иелері техникалық реттеу және метрология комитетінің жергілікті департаментеріне өтініш берген жөн.

Екатерина Паршина – ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:


–  Каталогтық парақты 2013 жылдан бері 62 серіктестік алды. Ол мекемелерге 405 рұқсат қағаз беріліпті. Осы кәсіпорындардың тауары адам өміріне ешбір зияны жоқ деп толық айта аламыз. Өйткені, шығарылатын өнім үнем тиісті заң талаптарына сай жасалады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде каталогтық парақтары жоқ серіктестіктерге әкімшілік айыппұл салу заңы шығарылмаған. Жалпы, Қазақстанда мұндай рұқсат қағазға 4600-ден аса кәсіпорын ие.Флаги блока:

Байболат  Култанов